Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және Құркелес ауылдық округі әкімдігі бірлесе отырып, облыс аумағында басталған “Гүлденген Түркістан” ағаш отырғызу эко-акциясы аясында Құркелес ауылдық округі аумағында 200-ге жуық ағаш көшеттері егілді.
Іс-шараның мақсаты — ауданды көгалдандыру, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары М.Асилов, Құркелес ауылдық округі әкімі Қ.Иматов, Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров және «Адал көмек» еріктілер клубының президенті А.Тұрғанбек, ерікті жастар қатысты.
Жасыл желекті күту үшін арнайы арықтар қазылып, көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.