Тамыз айының 9-11 күндері Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «GUMOL» стратегиялық зерттеу орталығы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен Еуразия қорымен біргелікте Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасы аясында еліміздің аймақтардағы белсенді азаматтық журналистика мамандары мен белсенділерге «Азаматтық журналистердің азаматтық белсенділігін арттыру» атты 3 күндік тренинг өткізуде.

Жоба мақсаты — қазақ тілді азаматтық журналистерді жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге тарту. Аталған жоба аясында қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер және басқа да белсенді азаматтардың қатысуымен өтіп жатқан оқыту тренингі мемлекеттік тілде өтуде.

Қатысушылар тренинг барысында қоғамдық маңызды мәселелерді дұрыс көтеріп, олардың шешімін табу бойынша адвокациялық компанияларды жүргізуді, сыни ойлауды, жалған ақпаратты ажырата білуді үйренеді және ондай ақпаратты таратқан үшін жауапкершілік шеңбері жайлы білетін болады. Бұл өз кезегінде қоғамда жалған провокациялық ақпарат таралуының азаюына ықпал етеді.

Бірінші күні өткен тренингте журналист, медиа-тренер, продюсер, QOSlive жобасының авторы Айнур Коскина қатысушыларға Эдвокаси түсінігі және Эдвокаси камплниясының белсенділері, фазалары ақпараттар айтып, жетістік факторлары жайлы мәліметтер айтты. Қатысушылар арасында практикалық жұмыстар жасап, азаматтарда белсенділік арттыруға тырысты.

һө

Тренинг барысында қатысушылар журналист, медиа-тренер, Тілші жобасының авторыАсқар Ақтілеу, заңгер, Ұлттық және халықаралық медиа құқық сарапшысы Гүлмира Біржанованың дәрістерін тыңдайды.

Маңызды ақпарат: Сондай-ақ жоба аясында тренинг қатысушыларының менторлық қолдау арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігі болады.

Қатысушылар арасында қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында шағын грант байқауы ұйымдастырылады. Ең үздік 5 жоба жалпы құны 750 000 теңгені құрайтын қаржылық көмекке ие болады.

Аталған жоба аясында қазақ тілді журналистердің пулы құрылып, қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне ықпал етеді.

Бұл жоба Еуразия қоры жүзеге асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылған. USAID – бұл әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелерінің катализаторы. Қосымша ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия веб-сайты мен Facebook парақшасын қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін «GUMOL» зерттеу орталығының өкілі Гүлден Аубакироваға хабарласуға болады: src_gumol@gmail.com Тел. +7 778 838 68 75;