Written By admin
Categories:

ӘРБІР ДАУЫС КЕЛЕШЕК ҮШІН МАҢЫЗДЫ
Өткен аптаның соңында 5 маусымда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша бүкілхалықтық Референдум өтетуіне байланысты штаб мүшелерімен жиын өтті.
Жиынға референдумның саяси маңызын насихаттау мақсатында Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқашев Төлеубек, Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізмұхамбетов Бақтықожа, Түркістан облыстық маслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Республикалық кәсіподақ федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов және Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы мәслихатының хатшылары, депутаттары, жергілікті депутаттарн және облыс, қала, аудан қоғамдық кеңестері мен ардагерлер ұйымдары төрағалары қатысты.
Кездесуде саяси науқан бойынша атқарылып жатқан жұмыстары барысы айтылды. Өз кезегінде бізде, облыстық шатаб мүшелері аудандық штаб мүшелерімен біргелікте әртүрлі мекемелер мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық штабының мүшелерімен біргелікте, қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып жатқан референдумның маңыздылығы жөнінде сөз болды. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Конститутцияға референдум арқылы енгзілейін деп жатқан өзгерістер аз емес, соның бірі — Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға ауысады. Яғни президенттік бірқатар өкілетіктері Парламентке өтетіндігі, осынша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің көзі — халық» деген принципті жүзеге асырады. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл — бүкілхалықтық деңгейдегі міндет екендігін жеткізді. Екінші республика жалпыұлттық мандатқа ие болады. Конституциялық реформаны плебисцит арқылы жүргізу Қ.К.Тоқаевтың реформаторлық бағытының жалпыұлттық сипатын қамтамасыз етеді, екінші республиканың қоғамдық заңдылығын және оның құқықтық негізінің мызғымастығын нығайтады. Конституцияның авторы халық болады. Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев — «Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін» атап өтті. Әрбір дауыс келешек үшін маңызды, Сондықтан да, барлық жерлестерімді ағымдағы жылы 5 маусым күні өтетін Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтықтарыңызды танытып, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырамын.
Жомарт АБДИБАЕВ,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық штабтың мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты