Written By admin
Categories:

Түркістан облысының кадр комиссиясы Түркістан облысының Өңірлік резервіне іріктеу туралы хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  2. құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  3. жоғары білімі болуы;
  4. үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы
1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) Өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала мөлтек ауданы, 32-көше, 16-ғимарат, Департаменттер үйі
А немесе В блогы, 2-қабат, 295 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты
және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында
(instagram-elgeqyzmet.turkistan, facebook-Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті)  және келесі байланыс телефондары арқылы: 8-(725-33)-5-94-73, 5-97-21, 5-94-72 алуға болады.