«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ауқымды шарада ішкі саясат пен билікке қатысты бірқатар маңызды дүниелер қозғалып, шешімдер қабылданды.

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев  «Nur Otan» партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап: «Партияны ел Президенті басқаруға тиіс», – деді.

Nur Otan – биліктің партиясы, жетекші саяси күш. «Nur Otan» партиясының қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының кемеңгер басшылығының арқасында партия еліміздегі жетекші саяси күшке айналды.

Біздің саяси идеалымыз-Елбасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – біздің партиямыздың негізін қалаушы. Тәуелсіздікке қол жеткізу мен Қазақстан табыстарының дүние жүзінде танылуы – Елбасының ерен еңбегі. Елбасы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарын белгілеп қана қоймай, оларға қол жеткізудің жағдайын да жасады.

Елбасы партия өкілеттілігін Президентімізге беру шешімінен ел мүддесін ойлап, халқының жағдайына әрқашан алаңдайтынын, әркез халықпен бірге екенін көруге болады.

         Партияның ұстанымы нық. Ал оны ары қарай жандандырып, партияның өзектілігін одан әрі дамытуды әрине ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа деңгейде жаңғыртатыны сөзсіз.

Әйгерім КЕРІМБЕКОВА,

Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты.