Written By admin
Categories:

Түркияның Бұрса қаласында «Қорқыт Ата» түркі әлемінің фестивалі шеңберіндегі Түркі әлемі кино саммиті басталды. Түркия Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан ұйымдастырылған шараның басты мақсаты — түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, рухани байланыстарды нығайту, кино саласындағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ортақ жобалар жасау, кәсіби бірлікті арттыру.

Шараға түркі мемлекеттерінің мәдениет министрліктерінің өкілдері, Түркі әлемі фильм фестивалі шеңберінде Қазақстан киносының күндері өтіп жатыр.

Шараға Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанна Қуанышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Сатаев, Азамат Сатыбалды, Жайдарбек Күнғожинов, Сатыбалды Текеев, продюсерлер Анара Қашағанова, Айгүл Байбек, Алмагүл Тілеуханова, Айгүл Черендинова, режиссер Бекарыс Елубай т.б. қатысуда.⠀

2022 жылдың 1 қарашасында басталған Түркі әлемі фильм фестивалі 6 қарашаға дейін жалғасады. Шетелдік көрермендер назарына «Дос-Мұқасан» көркем фильмін, «Мұқағали» өмірбаяндық драмасын, «Ұлы Дала Таңы» және «Ақ боз үй» тарихи таспаларын, «Еуразия билеушілері» деректі фильмін, «Мұзбалақ» анимациялық картинасын және Қазақстан мен Татарстан бірлесіп шығарған «Тарлан» картинасын ұсынылған.⠀