Түркістан облысы республика бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан эпидемиологиялық қауіпті аймақтар қатарына жатады. Сондықтан биыл жоспар бойынша өңірдегі 85 елді мекенде санитариялық қорғау аймақтары құрылып, залалсыздандыру жұмыстары қолға алынады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.
«Өткен жылы облыс аумағында конго-қырым қанды безгегімен 4 науқас ауырған. Салдарынан 1 азаматтың қайтыс болды. Эпидемиологиялық маусымның басталуын ескере отырып, тұрғындарды кене шағудан сақтануға шақырамын. Біздің міндет — аса қауіпті аурудан сақтандыру, аурудың алдын алу»,- деді Б. Елемесов.
Ескерте кететін жайт, кене шаққанда немесе кене денеге тиген жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Сондай-ақ, сақтық үшін 14 күн бойы медициналық бақылауда болу, жеке басты қорғау заттарын қолдану, аулаларды таза ұстау, мал қамайтын қораларды қидан тазартып, төрт түлікті кенеге қарсы дер кезінде өңдету шараларын қолдану қажет.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет