Written By admin
Categories:

Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесімен (GSTC) үкімет деңгейінде келісімге ең бірінші қол қойған ел – Түркия. Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгерісі конференциясындағы Түркияның панельдік отырысында елдің Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасы талқыланды. Пікірталасқа Кападокия университетінің ректоры, профессор, доктор Хасан Али Карасар модераторлық етті және Түркия туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) Басқарма мүшесі Каан Касиф Кавалоглу, бас директордың міндетін атқарушы, доктор Элиф Балжы Фисуноглу қатысты. Сондай-ақ, TGA, CB ( Ram ) Рамкумар, GSTC төрағасының орынбасары және Эркан Ягжи, Түркия қонақ үйшілер федерациясының (Türofed) президенті де болды.

Панельде CB (Ram) Рамкумар: «Тұрақтылық – өте күрделі тақырып. Бүкіл әлем туризм индустриясына арналға жол картасының негіздерін әлі де талқылап жатқанн байқаймыз. Есесіне, Түркия ендігі бұл құжаттың заңдық негізін аяқтап, барлық туристік нысандарда міндетті бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама аз уақыттың ішінде өз нәтижесін бере бастады».

TGA бас директорының міндетін атқарушы доктор Элиф Балжы Фисуноглу Түркия бағдарламасының қалай құрылымдалғанын және жүзеге асырылғанын түсіндірді: «Тұрақты дамуға деген көзқарасымыздың негізі 2008 жылы Мәдениет және туризм министрлігі «Жасыл жұлдыз» бағдарламасын іске қосқан кезде басталды. Түркия 2021 жылы Париж келісімін қабылдағаннан кейін даму қарқыны күшейді. 2022 жылы GSTC-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. 2023 жыл біздің бағдарламамыздың басы болды және біз жыл соңына жақындап қалсақ та, Түркиядағы 1 миллион төсек қазір сертификатталған және расталғанын мақтанышпен айтамыз».

TGA басқарма мүшесі Каан Касиф Кавалоглу былай деп қосты: «Туризм индустриясы миллиондаған адамдардың ұтқырлығында маңызды рөл атқарады және жалпы экожүйеде ұсынылған әрбір бизнес бірлігі таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізу үшін маңызды міндеттер мен жауапкершіліктерге ие. 2030 жылға қарай біз Түркияда 100% сертификатталған орналастыру инфрақұрылымына ие боламыз, бұл туризм секторының барлық мүдделі тараптары үшін халықаралық тұрақты туризм стандарттарын қамтамасыз етеді. Түркия тұрақты туризмге келгенде әлемдегі озық елдердің қатарында».

Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасының төрт негізгі басымдығы бар: тұрақты басқару, экологиялық тұрақтылық, мәдени тұрақтылық және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық. Осы тұрғыда Түркия 19 мәдени, 2 ЮНЕСКО-ның аралас Дүниежүзілік мұра нысаны, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізімінде 82 мәдени және табиғи мұра нысаны, 8 ЮНЕСКО-ның креативті қаласы және 25 материалдық емес мәдени мұра нысанына ие ел ретінде әлемде екінші орынға шықты. Сондай-ақ Түркияда тұрақтылыққа бағытталған жасыл жұлдызды Michelin нұсқаулығына енгізілген 5 мейрамхана бар, бұл түрік гастрономиялық экожүйесінің де тұрақты тәсілдерге өте мұқият екенін көрсетеді.

Түркия қонақүйшілер федерациясының президенті Эркан Ягжы бағдарламаның материалдық емес пайдасымен қатар Түркиядағы қонақүйлердің де сертификаттаудан экономикалық пайда көре бастағанын айтты: «Тұрақты туризмге нақты қажеттілік бар және біз сертификатталған қонақүйлер саяхатшылар тізіміне көтеріліп жатқанын көріп отырмыз».

TGA бағдарламасының серіктесі, Кападокия университетінің ректоры, профессор, доктор Хасан Али Карасар бұл бағдарлама туристік сайттардың стандарттарын одан әрі жетілдіретінін және тек тұрақты және жауапты туристік тәжірибелерді насихаттауға ғана емес, сонымен қатар туризмнің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.