Бүгін елордада  Қазақстандағы ФАО байланыс және әріптестік жөніндегі бюросы (ФАО) «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясымен бірлесіп ФАО «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру»  жобасын іске асыру шеңберінд «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» атты семинарын өткізуде.

Семинардың мақсаты-азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына байланысты ТДМ міндеттері туралы хабардар болу деңгейін арттыру. 

Семинар шеңберінде ФАО «Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ имплементациялаудың ағымдағы жай-күйі» тақырыбындағы зерттеуінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Қазақстанда ТДМ ұлттандыру жөніндегі жол картасы ұсынылатын болады. 

Іс-шараға Қазақстан Парламентінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан фермерлері қауымдастығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және басқалар қатысуда.

Анықтама: ФАО прогрестің мониторингіне, әдіснамалық әзірленуді қамтамасыз етуге және ТДМ 2, 5, 6, 12, 14 және 15 қол жеткізудің 21 көрсеткіші бойынша әлеуетті тиісінше өсіруге үлес қосуға жауапты БҰҰ-ның жауапты мекемесі ретінде, сондай-ақ ТДМ 1, 2, 14,15 тағы төрт индикаторы бойынша ынтымақтасатын мекеме ретінде әрекет етеді.

Меруерт АБДАЛИЕВА

По вопросам аккредитации СМИ обращаться в Пресс-службу Коалиции за «зеленую» экономику и развитие G-Global