Жуырда Шымкент қаласында Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдауы және «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында Шымкент қаласы және Түркістан облысының аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін тілшілерімен 2 күнге жоспарланған семинар-тренингте алған әсермі бойынша тарихи деректерді тексеруді шештім. Ізденудің арқасында төмендегінше ақпараттарға көз түсті.

    Біз қазақ халқы — ғасырлар бойы боданда болып, өткеніміз бен өшкенімізді әлі түгендей алмай келеміз. Кеңес кезінде тарихи деректер бұрмаланып, ақ-қарасын ажырату қиын еді. Енді, міне тәуелсіз ел болғалы 30 жылдан асса да, сол бұрмаланған деректер жетегінде жүрміз. Аты жер жарған тарихшыларымыз жетерлік, бірақ олардың зерттеу-зерделеулері бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады.

    Мысалы, қазақ халқына шешендігімен елдің дауына билігін жүргізген Тұлғаларымызды бәрі біледі. Ұлы жүздің биі Төле бабамыздың өмір сүрген жылдары 1663-1756, Қазыбек би 1667-1764, Әйтеке би 1644-1700 деп жазылған Қазақстан ұлттық энциклопедиясында (Алматы, 2003 ж, 2006 ж). Ал Төле би туралы 7 томдық 2013 жылғы кітапта «1663-1759” деген. Тағы бір деректе 1657-| 1756 жылдар өмір сүреді.

    Қазыбек би бабамызға келер болсақ, 1665-1765, 1659-1765, 1667-1755 дейтін деректерге кезігеміз. Ал, Әйтеке бидiкі тіпті Түсініксіз: 1644-1700, 1688-1748, 1666-1722, 1689-1766, 1683-1722. Тәуке ханның 1684 жылы жасалған “Жеті жарғысына” Үш бидің қатысқаны белгілі тағы бір тарихи деректен. Сонда Әйтеке би 1683 жылы туған болса, 1 жасар бала қалай заң шығаруға атсалыспақ.

    Кітаптар мен ғаламторда осындай деректер кездеседі. Ал, 7-сынып оқулығында Әйтеке биді 1682-1766 жылдар өмір сүргізеді. Сонда қайсысына сүйенеміз, ҰБТ-да осыған байланысты сұрақ болса, қайсысын белгілеу керек. Төл тарихымызды неге əлі дұрыстай алмай келеміз? Мұнымызбен жас ұрпақтың ұлттық санасын қалай қалыптастырамыз? “Тарихын білмеген опасыздың ісі” демей ме атам қазақ. Өйткені, тарихты білмей, болашақты бағдарлау мүмкін емес. Сондықтан да тарихымызды дұрыстап барып, дұрыс ұрпақ тәрбиелейік.

    Мен семинар арқылы көз жүргірткен ақпаратты әлі зерттеуді қажет кендігі туындады.

@uscgalmaty @usinkz

U.S. Consulate Almaty / U.S. Embassy Kazakhstan / Посольство США в Казахстане

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonusangazetecilervakfi #turkicspeakingjournalists

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B9%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B5-%D0%B1%D0%B8

http://nik-ordabasi.kz/?p=283