«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында ауданда ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Аудан аумағы кезекті рет жасыл желекпен толықтырылды.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өзі бастап көпшілікпен бірге көшет егіп, тұрғындар мен қызметкерлерді экобелсенді болуға шақырды. Аталған тазалық шарасына: облыстық мәслихаттың депутаттары Ж. Сүлейменов, Қ.Салыбеков мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сонымен қатар, аудан аумағына 1000 аса гүл көшеттері, 500-ге жуық ағаш көшеттері отырығызылды.

Одан бөлек, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, қураған ағаш бұталарын кесу, әктеу, сырлау жұмыстары, шөптерін ору, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Экоакцияға 2 000 аса адам атсалысты.