Түркістан облысының орталығында өткен «Алтын күз-2021» мерекелік шарасында ауыл шаруашылығы саласының жұмыстары қорытындыланып, ерте көктемнен қара күзге дейін тер төккен шаруалардың еңбегі еленіп, марапатталды.
Аталмыш шарада Сарыағаш ауданы үш номинация бойынша үздік аудан атанды.
«Бір алқаптан 2-3 өнім алу», «Жұмыртқа өндіруден» және «Құс басын ұлғайтудан» облыста мол өнім жинап, еліміздің экономикасына орасан зор пайда келтірді.
Бұл марапат әрине Сарыағаш ауданындағы шаруалардың бірігіп, тынымсыз атқарған адал еңбегінің нәтижесі.