"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына" және 17 қараша "Халықаралық студенттер" күніне орай, Сарағаш аудандық Жастар ресурстық орталығымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе ұйымдастыруымен орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Студенттік лига-2021» ойындары басталды. 

Аталмыш іс-шараға аудандағы Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық колледжі, «Арыстанбаб» жоғары колледжі, №12 колледжі, Абу Али Ибн Сина медициналық колледжі, Сарыағаш медресе колледждерінің студенттері спорттың тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ләңгі тебу, волейбол, кіші футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру түрлерінен сынға түседі.

Екі күнге созылған лига аудан аумағындағы №2, №4 спорт мектептерімен Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық колледжінің спорт кешенінде сынға түсті.
Бұқаралық спортты дамыту және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кең көлемде тойлаудағы ауданымыздағы студенттердің достық қарым-қатынасын нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында басталған сайысқа «Nur Otan» Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Қ.Қыстаубаев, Аудандық маслихат депутаттары М.Асилов, Б.Секеров, Г.Избасарова, Ә.Керімбекова, Н.Байғабұлова, Қ.Турдалин және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә. Жаншуақов, Жас блогер О.Мамыр және аудан жастарыда қатысып, жарысқа қатысушыларға қолдау білдірді.

ЛӘҢГІ ТЕБУ сайысы бойынша №4 БЖСМ спорт мектебінде ләңгі тебуден өткен жарыста тартысқа толы жарыстың нәтижесінде:
І-орынды «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледж студенттері
ІІ- орынды «Арыстанбаб» жоғары колледж студенттері
ІІІ- орынды №12 колледжінің студенттері иеленді.

КІР ТАСЫН КӨТЕРУ
І-орынды «Сарыағаш» медресе колледжінің студенттері
ІІ- орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжінің студенттері
ІІІ- орынды «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері иеленді.

АРҚАН ТАРТУ
Тартысқа толы жарыстың нәтижесінде
І-орынды «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері
ІІ- орынды «Сарыағаш» медресе колледжінің студенттері
ІІІ- орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжінің студенттері иеленді.

КІШІ ФУТБОЛ
І-орынды «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері
ІІ- орынды «Сарыағаш» медресе колледжінің студенттері
ІІІ- орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжінің студенттері иеленді.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
І-орынды «Абу Али Ибн Сина» колледжінің студенттері
ІІ- орынды «Қапланбек» колледжінің студенттері
ІІІ- орынды «Сарыағаш» медресе колледжінің студенттері иеленді.

ВОЛЕЙБОЛ
І-орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжінің студенттері
ІІ- орынды «Абу Али Ибн Сина» колледжінің студенттері
ІІІ- орынды «Қапланбек» жоғары колледжінің студенттері иеленді.

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
І-орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжінің студенттері
ІІ- орынды «Сарыағаш» медресе колледжінің студенттері
ІІІ- орынды «Абу Али Ибн Сина» колледжінің студенттері иеленді.