Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тәуелсіздік жылдарындағы аудан мен қаланың өзгеру тарихын, жетістіктерін көрсету мақсатында «Кеше және бүгін» фотокөрмесі өтті.

Байқаудың мақсаты — Сарыағаш ауданының 1991-2021 жылы аралығындағы жетістіктері мен аудандағы тарихи маңызы бар оқиғалары мен іс-шараларынан тарихи суреттердің фотокөрмесін жасау арқылы тәуелсіздік жылдарындағы аудан тарихын көпшілікке таныстыру, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау және қатысушыларды Отансүйгіштік пен патриоттық сезімге баулу.

Фотокөрмеге қатысушылардың жұмыстары 2021 жылдың 15 тамызы мен 15 қарашасы аралығында жинақталды.


Байқау нәтижесі бойынша:
1-орын- Әбдуәлі Әбдіхалық 75000 тг
2-орын- Джолчубекова Назира 50000 тг
3-орын- Кулбатырова Нуржамал 35000 тг
3-орын- Айдагараев Бақдаулет 35000 тг
3-орын- Хожатаев Халық 35000 тг


5 қатысушыға 10000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді.
Барлық қатысушыларға Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиевтің алғыс хаттарымен марапатталды.