Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу және 3 нысанда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Барлығы 117,1 км жол жөндеумен қамтылады.  Онын ішінде күрделі жөндеу 50 км,  ал 64,4 км орташа жөндеу жұмыстары кіреді.

Жөндеу жұмыстарын Павлодар облысындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бөлімінде жұмыс істейтін “ҚАЖсервис” ЖШС ПОФ мердігер компаниясы жүзеге асырады.

Павлодар облысындағы «ҚазАвтоЖол» мамандары айтуы бойынша  «Атамекен-Аксу-Коктобе-Б. Акжар-г. Курчатов», км 195-216 (ұзындығы 21 км) автожолында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жол төсемдерін бөлшектеу және материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына қажетті геотекстиль ,ТБИ, битум, фракциялық қиыршық тас , ұнтақтау қалдықтарынан құм жоспар бойынша  дайындалған. Бұл жұмыстарға  «Павлодаржолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы жауапты. Жобаның жалпы құны — 8 206,8 млн. теңге.

Айта кетсек, 2023 жылы ұзындығы 17,287 км айналма жолды салу бойынша жұмыстар орындалды.

Павлодар облысында тағы бір күрделі жөндеу жұмыстары «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолында (100-105 км)  жалғасып жатыр. Бұл 2 кезек. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, тростық қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың маусым айында нысан пайдалануға беріледі.

Ағымдағы жылы ұзындығы 64,4 км болатын 3 нысанға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл нысандар  «Павлодар-Щербакты-гр.РФ» км 0-6 (ұзындығы 5,4 км), «Гр. РФ (Омбыға) -Майқапшағай «228-240, 242-247, 249-255, 264-278 (ұзындығы 35 км),» Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский «. Нысандар Мемлекеттік тапсырмаға енгізілген, қазіргі уақытта Жол активтері сапасының ұлттық орталығының ведомстволық қорытындысы алынды. Аталған нысандар бойынша бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Биыл Ертіс өзені арқылы өткел ашатын үлкен көпір құрылысы басталады.

Ұлттық компанияның Павлодар облыстық филиалының бас директоры Ермұрат Нұрхановтың айтуынша қазір құрылыс алаңын дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Былтыр басталған бұл ірі стратегиялық маңызды жоба  жергілікті Казавтожол филиал тарапынан ерекше бақылауға алынған.

Айта кетсек, Павлодар облысына қарасты респбуликалық маңызы бар жолдың жалпы ұзындығы 1662 шақырым.

Гульмира Мусинова.