Written By admin

2024 жылдың 21 мамыр күні «Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының» ұйымдастыруымен алғаш рет «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» тақырыбында әдеби квест байқауы Alatau creativ hub орталығында өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық идеяны қалыптастыру біздің өз тарихымызды жаңадан оқу негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан ұлттық идеяның формуласы ұлттық тарихта жатыр» демекші бұл шараның басты мақсаты – қазақ елінің мақтанышына айналған айтулы тұлғалардың мұрасы мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Байқау барысында тұлғалардың өмір жолы мен еңбектері туралы тың мәліметтер талданып, шығармашылықтары жан-жақты ашылды.

Байқауға жалпы білім беру мектептерінің  7, 8-сынып оқушылары қатысты. Жалпы білім беру ұйымдарынан 30-дан астам өтініш түсіп, арасынан 5 үздік команда іріктеліп алынды.

Білім мен жылдамдықты талап ететін квест — ойын форматындағы байқауда оқушылар өз білім деңгейлерін дұрыс шешім қабылдау, логикалық ойлау және жылдамдық қасиеттері арқылы көрсете білді.

Конкурс қорытындысы бойынша

l орынды Абай атындағы РММИ

ll орынды № 178 лицей

lll орынды № 115 мектеп оқушыларының командалары жеңіп алды.

Үміткерлерді іріктеу мен жеңімпаздарды анықтайтын қазылар алқасы қатарында сарапшылар, әдебиет танушылар, үздік ұстаздар, журналисттер және өнер қайраткерлерінің өкілдері болды.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Шара нәтижесінде  әрбір қатысушы «Рухани көшбасшылардың галактикасына қосыла алам ба?» деген негізгі сұраққа жауап ала алды.