«Nur Otan» партиясынан сайланған депутат ретінде жол картасының орындалуын бақылау басты міндетіміз. «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 4 тармағында бекітілген “Жастарға арналған аудан” бойынша ауданда еріктілер клубтары құрылды.

Ағымдағы жылы жол картасында 2 еріктілер клубы ашылу қажет болса, қазіргі таңда 3 еріктілер клубы ашылып жұмыс жасап жатыр.

Атап айтқанда, Жібек жолы ауылдық округінен “Жомарт жүрек”, Қапланбек ауылдық округінен “Аялы алақан”, Құркелес ауылдық округінен “Қамқор жастар” еріктілер клубы. Қазіргі ауданда еріктілердің жұмысы жоғары деңгейде атқарылып жатыр. Ерікті болу ерлікпен тең деген қағиданы ұстанған жастар қатары күн санап артып келеді.

Әйгерім КЕРІМБЕКОВА,

«Nur Otan» партиясынан сайланған Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты.