Қазақстандықтардың ертеңін жақсартатын жоба өз жұмысын атқаруда.

Бұл «Шеврон» қолдаған  Қазақстандағы «Білім керуені» жобасы. «Білім керуені» білім көкжиегімізді кеңейтудің инновациялық жолдарының бірден бер шешімі. 

«Шеврон» Қазақстандағы ең ірі жеке меншік компания болып саналады.   «Шеврон» компаниясы жастардың  ғылым және жаңа цифрлық технологияларға қатысы бар барлық жобаларын белсенді түрде қолдап жатыр. Осындай жобалардың бірі қызықты, интелектуалды үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын «Білім керуені» атты бірегей білім беру жобасы.

     «Білім керуені» жобасы Қазақстанда STEM және елдегі білім көкжиегімізді кеңейтудің  инновациялық жолдары бойынша өте үлкен мәселелердің шешімін табуға жоспарланып қазіргі уақытты өз жұмысын атқаруда. Ерекшелегі білім саласындағы жергілікті және шетелдік сарапшылар өздерінің пайдалы әрі қызықты идеяларымен бөлісіп, білімдері мен тәжірибелерін біріктірді. Онлайн платформалар көмегімен қызметкерлер, ата-ана мен оқушылардың   және басқа да ізденісті жақсы көретіндердің ортасына көпір салып, тұрақты байланыс орнатады. Сонымен қоса  талантты оқытушы мен шәкірттерге гранттар бөліп олардың білімге деген құштарлықтарын арттырады.

    Аталған бірегей жоба туралы Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырған вебинарлар сериясы барысында «Шеврон» компаниясының «Білім керуені» жобасының жетекшісі Зарина Биюмбаева толық ақпарат берген. Зарина Биюмбаева Caravan Of Knowledge халықаралық білім беру жобасына жетекшілік етеді, ол стратегиялық, операциялық және жобалық менеджмент бойынша халықаралық деңгейде сертификаты бар кеңесші, ТМД-дағы жалғыз халықаралық сертификатталған аға жетекші жобалау менеджері.

   Заринаның айтуынша,«Білім керуені» жалпы білім саласында жаңа идеялар мен тың жобалардың пайда болуына, жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Әрі бұл педагогтар мен ғалымдардың, әдіскерлердің өз тәжірибелерін бөлісетін бірегей диалог алаңына айналмақ.

     STEM аббревиатурасында негізгі білім беру және дамудың басты бағыттары – ғылым, технология, инженерия және математика болып табылады. STEM-нің көмегімен оқушылар әрі қарай күрделі техникалық тапсырмаларды шешіп, жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін ғылыми және математикалық ойлауды дамытады.

     «Шеврон» компаниясының өкілі – Лейла Айтмұханова «білім саласындағы инновациялар, оның ішінде ғылыми-техникалық пәндер, сондай-ақ қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін толық іске асыру үшін жағдай жасау әрқашан біздің әлеуметтік бағдарламаларымыздың басты эелементі болып келді, ал «Керуен» болса, білім беру саласындағы мұғалімдер мен ойшылдардың, аты танымал тұлғалар мен әдіскерлердің, және де кәсіпкерлердің басын біріктіріп, өздерінің білімі мен тәжірибелерін жариялаудың бірден-бір мүмкіндігі. Ал осы білім алмасудың нәтижесінде көптеген жаңа идеялар мен жобалар жүзеге асырылады деп үміттенеміз» –деді.

     Аталмыш жоба STEM салалары бойынша қатысушыларының дамуына орасан үлес қосады. «Білім керуені» платформасында онлайн кітапхана, білім алушылар мен педагогтарға арналған түрлі форумдар  және курстардан өткеннен кейін берілетін сертификаттар да  қарастырылған. 2000 – жылдардың басында таныла бастаған STEM білім беру жүйесі қазіргі таңда көп мемлекеттерде сұранысқа ие бағдарламалардың қатарына қосылып,  бұл салаға мамандардың қажеттіліктері де артуда.

   STEM онлайн практикумдарының кестесінде мектеп директорлары ,мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Білім беру саласындағы менеджмент» онлайн курсы , Arduino бағдарламасы арқылы инженерлік ғылыми бағытта ракеталар жасау , бағдарлама орнату , пластикті қайта өңдеу сияқты практикалық сабақтартар өткізетін  «мектеп бағдарламасынан тыс STEM салалары бойынша ізденіс» онлайн курсы, ерекше қажеттілікті талап ететін оқушыларға «STEM бәріне ортақ» онлайн курсы , оқытушылар мен ұстаздарға арнайы ақпараттар беруге арналған  «жалпы білім беру саласындағы STEM рөлі» апталық онлайн тренингі , мұғалімдер , оқу ісі меңгерушілеріне  «Тиімді педагогика: мектептерде стем оқыту құралдары» апталық онлайн тренингі , «STEM және болашақ сұранысқа ие дағдылар» цифрландыру және болашақта маңызы бар мамандықтар жөнінде мәлімет беретін онлайн тренинг,  «Білім стратегиясы; болашақ мектептер қандай болу керек?» стратегиялық шешімдер мен  білім саласындағы саясат мәселесі бойынша тренингтер жасалынады.

   «Білім керуені» жобасының мақсаты- STEM білім беру платформасында еңбек ететін оқытушыларды, үкіметтік емес ұйымдар мен үкіметті, жастар мен бизнес өкілдерін бір-бірімен пікір алмасуға, білім беру жүйесін жақсарту негізінде бірлескен шешімдер мен тәжірибеге негізделген ұсыныстар жасауға, сонымен қатар STEM білім беру әлемінде барлық мүдделі тараптар үшін мәліметтер дерекқорын және платформасын құру боп табылатынын атап айту керекпіз.

Жоба екі кезеңнен тұрады:

• «Қазақстандағы STEM білім беру бағыты: ағымдағы жағдайы мен болашағы» атты тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

• STEM мен білім саласындағы өзге де бағыттарда еңбектері сіңген жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткізілетін, online және бетпе-бет кездесу түрінде өтетін, онлайн вебинарлар, дәрістер, ашық таныстырылымдар мен сұхбаттар, және өзге де қызықты іс-шаралар өткізу.

Жобаның бағыттары:

• Орта білім беру шеңберіндегі стратегиялық шешімдер;

• Орта білім беру жүйесіндегі басқару;

• STEM –нің негізгі орта білім беру бағдарламасында, таңдау пәні ретінде, педагогикада және инклюзия бағытындағы көрінісі

• Цифрландыру және болашақ мамандықтар.

Мақсатты аудитория: оқушы жастар, педагогтар мен ата-аналар; зерттеушілер мен сарапшылар; мектеп әкімшілігі мен барлық деңгейдегі білім беру департаменттерінің басшылары; кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес, қорлар

Жобаның қорытынды өнімі:

– Инфрографика форматындағы және классикалық нұсқадағы (қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі) зерттеулер;

– Жоба аясындағы мүдделі тараптарға арналған стратегиялық ұсыныстар.

STEM әдісін сабақта пайдаланғаннан кейінгі оқушылар ХХІ ғасырдың қиыншылықтарына дайындауға дағдыланады, STEM интеграциясы арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті жоғары білікті азаматтарды тәрбиелеп шығуға зор үлес қосады. STEM концепциясы технологиялық дамыған әлемге болашақ мамандарды даярлау бағытында өте қажет жоба.