Алматы қаласында «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Халық банк» АҚ демеушілігімен өткен журналистер арасындағы «Еркін сөз» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік телесюжет» номинациясын Гүлнәр Тайжан, «Үздік мақала» номинациясын Құндыз Қабылденова, «Сайттағы үздік мақала» номинациясын «Айқын» сайтының тілшісі Жадыра Мүсілім иеленді. Жеңімпаздар диплом және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Сондай ақ Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлықпен Әділет Қанат, Айнұр Сыдықова атындағы арнайы сыйлықпен Қалқаман Нұрлыхан, Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлықпен Алтынай Жетпісбаева марапатталды.

Алматыда өткен марапаттау рәсіміне республикалық және жергілікті БАҚ басшылары, елімізге танымал журналистер мен халықаралық БАҚ өкілдері қатысты.

«Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға 70 тен астам материал келіп түскен. Жыл өткен сайын байқауға қатысуға ниет білдірушілер қатары артып келеді.

“Түркітілдес журнаилстер қоры” ҚҚ Қазақстандағы қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында отандық БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылатын байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

түркітілдесжурналистерқоры #еркінсөз-2023 #нәзияжоямергенқызы

#халықбанк