Құрметті отандастар! Қадірлі Қазақ елі! Саялы Сарыағаш ауданының тұрғындары атынан қазақ елін сабырлыққа шақырамын! Жаңаөзендегі жағдай баршамызды ойландырмай қоймайды. Өзге емес, өз еліміздің ішіндегі осы оқиғаны пайдаланып, араңдатушылар тиімді пайдалануды көздеп жатыр. Ойран салып, билік пен бұқара арасына іріткі салу ниетті. Газ бағасына деген халықтың ұстанымы мен ұсыныстары орынды әрине. Дегенмен, Президентіміз Қ. Тоқаев даулы жағдайды дер кезінде бақылауға алып, арнайы комиссия құрып, мәселені бейбіт жолмен шешуге тапсырма берді. Біз ашуға бой алдырмай, бейбіт елдің берекесін сақтайық. Болып жатқан келеңсіздіктерді кеңінен ойлап, дұрыс шешім қабылдайық. Берекесі кеткен елде бірлік болмайды. Бірлікті сақтап, берекемізді қашырмай, ынтымақта болайық.

Рахымберді Оспанов,

Сарыағаш аудандық билер алқасының төрағасы.