Written By admin
Categories:

Балыкесир әкімі, Түркиядағы Әкімдер бірлігінің төрағасы Йүджел Йылмаз мырза Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастаған қазақ журналистеріне арнап қонақасы берді. Түркітілдес журналистер қорының Балыкесир журналистер одағымен біріккен жобасы жалғасуда. Айвалык, Гөмеч, Хавран аудандарында, Эгей теңізінің ортасындағы Джунда аралында 3 күн болып, таңда теңіз жағалауына бардық. Сол жерден Мұстафа Кемал Ата Түріктің Джунда аралына түскен жерін көрдік.

Өзкун зайтүн майы зауытына барып, ондағы жұмыс және өнімдермен таныстық. Жалпы Айвалық аймағында 12 млн түп зейтүн ағашы бар екен. Жылына 35000 тонна өнім алынады.

Келесі сапар, Сайтан сорасы деген биіктіккен Айвалық аймағын тамашалаумен жалғасты. Онда 22 арал бар. Айнала Эгей теңізімен шектеседі.

Кешкісін Айвалық аймағының орталына барып, орталық көшелеріндегі тыныш-тіршілікпен таныстық. Теңіз жағасында естелік суретке түстік.

Түркия мемлекеті Мәрмәр тастардың отаны. Ал сол мәрмәрлардан жасалған дүниелер мен оның тарихы жайлы ақпарат ерекше.

Айвалық аймағынан кейін, Түркітілдес журналистер қорының Балыкесир журналистер одағымен ортақ жобасы аясында Балыкесирге қарасты Гөмеч ауданы әкімі Мехмет Ирем Химам мырзамен кездесіп, әкім Эгей теңізінің астында ашылған музеймен таныстырды. Мифологиялық кейіпкерлердің мүсінінен құралған музейге шетелдік туристердің қызығушылығы зор екен.

Мүсіндердің бәрі мәрмәр тастардан жасалған.

Жыл сайын әр елден жиналатын мүсіншілер дайындайды екен. Теңіздің 12-24 метрлік тереңдігіне тасталатын мүсіндерге кальмарлар жұмыртқа тастайды, балдыр басады. Тереңге сүңгитін туристерге ерекше көңіл сыйлайды.

2 күн бойы Балыкесир орталығындағы Балыкесир журналистер одағының бас кеңсенінен бастап, музейлер, кесене, 1461 жылы негізі қаланған Мехмет паша мешіті, Түрік халқына танымал жомарт жан Ахмет Кот атындағы мемлекеттік кітапхана сынды ғажап жерлермен танысу өз жалғасын тапты.

#wfpa#дшба#worldforeignpressassociatian#түркітілдесжурналистерқоры

#фондтюркоязычныхжурналистов

#turkdilikonuşangazetecilervakfı

#turkicspeakingjournalists