Written By
admin
Categories:
Аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №2 Балалар музыка мектебінің оқушыларынан құрылған «Балдәурен» оркестрі Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен "Tashkent Summer Festival 2023" халықаралық байқау - фестиваліне қатысып «Халық аспаптары» номинациясында БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды.
![](https://baqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/06/WhatsApp-Image-2023-06-08-at-17.49.07.jpeg)
«Балдәурен» оркестрінің жетекшісі — Стамғазы Архат; Ташкент қаласында өткен Халықаралық мәдени байланыстарды нығайту және шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен «Tashkent Summer Festival» халықаралық байқау – фестивалінде оркесторымыздың өнер көрсеткені үлкен абырой.
![](https://baqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/06/WhatsApp-Image-2023-06-08-at-17.49.07-1-1024x768.jpeg)
Оркестр Астана қаласының көпшілік шараларда өнер көрсетіп, Республикалық, қалалық облыстық байқауында жүлделі орындарды алып жүр.
Таланты жастардың басын қосып, ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен №2 Балалар музыка мектебінің директоры Ли Владислав Владимировичке рақмет айтамыз.