Афион-Қаракесир қаласында бір-бірінен ерекшеленетін музей көп. Соның ішінде Аихеологиялық музейдің орны бөлек. Музейге кіргеннен қаланың мрамор орталығы екені анық аңғарылады.
![](https://baqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/05/WhatsApp-Image-2023-05-18-at-16.54.22-484x1024.jpeg)
Мрамормен көмкерілген тарихи экспонаттар бірден өзіне тартады. Мұндағы жәдігерлер сонау қола, мыс дәуірінен тамыр тартады. Тіпті 15 милл жыл бұрын тірлік еткен мамонттың да қаңқасын табасыз.
![](https://baqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/05/WhatsApp-Image-2023-05-18-at-16.54.28-484x1024.jpeg)
Сондай-ақ ежелгі халықтың тұрмысы мен тіршілігінің эволюциясынан толық мәлімет алғандай әсерге бөленесіз. Ең қызығы, осы жерде түрлі тарихи мәселелерді талқылап, ғалымдар басын қосу үшін арнайы орын берілген.
![](https://baqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/05/WhatsApp-Image-2023-05-18-at-16.54.41-1024x484.jpeg)
Музейде тарихи деректерді түгендеудің аурасы мүлде бөлек болары даусыз
![](https://baqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/05/WhatsApp-Image-2023-05-18-at-16.54.42-1024x484.jpeg)