Алқа мәжілісінде бірінші болып сөз алған Ермек Маржықпаев ел абыройын асқақтатар елеулі саланы дамыту, спортқа бейім, бәсекеге қабілетті бірегей ұлт, салиқалы ұрпақ қалыптастыру – әрқайсымыздың борышымыз екенін атап өтті.
«Министрлік алдында бұқаралық спортты дамыту мен жоғары жетістіктер спортын жетілдіруде ауқымды жұмыстар тұр. Бұқаралық спорт саулығымызды нығайтуға бағытталса, үлкен жетістіктерге жетелейтін спорт – елдің оң имиджін қалыптастырады», — деді Ермек Маржықпаев.
Жиын барысында Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы Рысқұл өңір спорты жайлы баяндап, бірқатар атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Айта кетсек, 2023 жылы Әлем, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 4 лицензия жеңіп алды. Сонымен қатар, спорттың 6 түрі бойынша лицензия алу жоспарлануда. Казіргі таңда, облыс спортшылары барлық деңгейдегі жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Ендігі мақсат — спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшылардың облыстық, республикалық жарыстарға, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Облыс спортшыларының Париж қаласында (Франция) өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуі.
Алуа Оспанжан