Достар, Түркітілдес журналистер қоры Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен, онлайн форматта “Fake news. Factchecking. Information manipulation” тақырыбындағы вебинарлар сериясын аяқтады. Енді 2022 ж. сәуір айында Алматы, Қостанай, Шымкент қалаларында республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері үшін осы тақырыпта екікүндік семинар-тренинг ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарынан қазақша ақпарат тарататын журналистер қатыса алады. Дәріс оқуға отандық және шетелдік медиа тренерлер шақырылады. Семинарға қатысушылардың жол, тамақ, қонақүй шығындары Түркітілдес журналистер қоры тарапынан төленеді.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408

Семинарға қатысу үшін мына сауалнаманы толтыру шарт:

https://forms.gle/aZY2idkpYR8GM5b68

Instagram: @uscgalmaty @usinkz
Facebook: U.S. Consulate Almaty / U.S. Embassy Kazakhstan / Посольство США в Казахстане

түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonusangazetecilervakfi #turkicspeakingjournalists